Алматыда «Нұрсұлтан Назарбаев және қазақстандық ғылым» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

АЛМАТЫ. 31 наурыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыдағы Қ.Сәтбаев атандағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде ҚР ҰҒА академиктерінің қатысуымен «Нұрсұлтан Назарбаев және қазақстандық ғылым» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Шара барысында ҚазҰТУ ректоры, академик Жексенбек Әділов ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы барысындағы отандық ғылымның негізгі қалыптасу кезеңіне сипаттама жасап өтті. Танымал ғалым ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан зияткерлiк әлеуетін құрастырудағы маңызды роліне ерекше тоқталды.