АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында отызға жетпей, өмірден ерте кеткен ақтаңгер ақын Оразалы Досбосыновты еске алуға арналған «Құлмамбеттің құлыны» атты халықаралық айтыс мәреге жетті.
Студенттер сарайында өткен додада бас жүлдені жас ақын Болатбек Оразбаев жеңіп алып, оған Алматы облысының әкімдігі тағайындаған 1 млн. теңге және О.Досбосынов атындағы кубок берілді. Бірінші орынды еншілеген Ринат Заитовқа О.Досбосыновтың туыстары атынан автокөлік сыйға тартылды. Сондай-ақ финалда Р.Заитовпен айтысқан батысқазақстандық Бауыржан Халиолла мен Айбек Қалиев - екінші, Бақыт Жағыпар мен Шәкен Рахметолла үшінші орынды иеленді. Мейірбек Сұлтанхан мен Еркебұлан Қайназарға домбыра тарту етілді. Финалға шықпаған ақындардың барлығына 100 мың теңге ақшалай сыйлық берілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).