Жастарға арналған драмалық фильмді белгілі әнші, эстрада жұлдыздарының бірі Қайрат Нұртастың «Қайрат Нұртас Production» компаниясы түсірген.
Шараға режиссер Мақсат Оспанов, актерлер Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Қайрат Нұртас, Сиви Махмуди, Жәния Джуринская, Ренат Баситов, Гүлзира Айдарбекова,, сондай-ақ түсірушілер тобы мен шоу-бизнес өкілдері қатыспақ.
Фильмнің премьералық көрсетілімімен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылмақ.