деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орта білім департаменті және Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырып отыр. Бұл шара қазақтың Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған орта музыка мектеп-интернатының және Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының базасында өтеді. Оның басты мақсаты - музыкалық өнерді насихаттау. Сондай-ақ өзінің дербестігімен және шығармашылық бастамаларымен көзге түскен, көркемөнер және орындаушылық дағдылардың кәсіби шеберліктерін жоғары дәрежеде игерген дарынды оқушыларды анықтау. Оған биыл 180 жеке орындаушы мен 16 хор ұжымы қатысады деп жоспарланып отыр.