деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараны ұйымдастырушы, мәслихат депутаты Құсман Шалабаевтың айтуынша, байқаудың негізгі мақсаты - қазақ елінің өскелең ұрпағына патриоттық тәрбие беру, таланттарын шыңдап, олардың сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру. «Біздің аудандағы 29 мектепте осындай шара өткен болатын, міне бүгін сол байқаулардың нәтижесінде үздік шықан 33 оқушы сатира, әзіл-сықақ және қара сөз оқу жанрлары бойынша сынға түседі. Қазіргі уақытта көптеген өнерлі жастарымыз бар, сондықтан осындай байқаулар арқылы олардың шығармашылығын нығайта түскіміз келеді», дейді Қ.Шалабаев.
Байқау қорытындысы бойынша «сатира, әзіл-сықақ» жанрынан 1-ші орынды Дана Дайырова алса, жүлделер Бахтияр Байсеріковке, Рауан Төлеубеков пен Әйгерім Амангелдіге бұйырды.
Ал қара өлең оқудан бірінші орынды Рустем Әлиев жеңіп алды. Екінші орынға Адина Есімова, үшінші орынға Әсет Дайыр мен Ақмарал Құнафина лайық деп танылды.