Әкімнің айтуынша, сабақтар Алматы телеарнасында көрсетіледі.
«Дүйсенбіден бастап «Алматы» телеарнасынан бейнесабақтарды көрсетуді бастаймыз. Жұмыс күндері сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін 9-11 сынып оқушыларға негізгі пәндер бойынша сабақ беріледі. Бұл — қашықтан берілетін сабақтарға қосымша жақсы мүмкіндік. Барлығымыз, педагогтер де, ата-аналар да оқытудың жаңа жүйесіне тезірек бейімделгеніміз жөн. Карантин аяқталғаннан кейін де оқу үрдісінің жалпы деңгейін төмендетіп алмай жалғастыруымыз маңызды«, - деді әкім әлеуметтік желідегі парақшасынд а.