Алматыда оқушылардың зерттеу жұмыстарының халықаралық байқауы өтеді

АЛМАТЫ. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Алматыда 1-2 наурыз күндері І Халықаралық Жолдасбеков симпозиумы аясында механика-математика саласы бойынша оқушылардың зерттеу жұмыстарының халықаралық байқауы өтеді.

Оны Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университеті мен Республикалық «Дарын» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырып отыр. Оған қазақстандық І, ІІ және ІІІ деңгейлі орта мектеп жеңімпаздары мен Ресей, Болгария, Қырғызстан және Тәжікстанда өткен ұлттық ғылыми жоба жеңімпаздары қатысады. Шараның басты мақсаты - оқушылардың зерттеумен айналысуын ұйымдастыруды жүйелендіру. Математика ғылымын зерттеу саласына қызығушылық танытатын оқушыларды анықтау. Білім беруде жоспар мен әдіс-тәсілдер жобасын дамыту. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың және математика саласындағы орта мектеп білімінің шығармашылық тәжірибе алмасуын дамыту.