Алматыда оқушыны көлік қағу оқиғасына полиция түсінік берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы көлік қағып кеткен оқушыға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Полицияның мәліметінше, жол апаты Бостандық ауданында таңғы 07:35-те болған. «Тойота» көлігі 7 жастағы қыз баланы қағып кеткен.

 «Қазір жол апаты дерегін  Бостандық ауданы полиция басқармасы анықтап жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды»,- деді полиция басқармасынан.

Еске салсақ, Алматыда 7 жастағы оқушыны мектеп жанында көлік қағып кеткені туралы бұған дейін хабарладық.