Алматыда оқушыны тонап, телефонын тартып алғандар ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жас баланы тонап кеткен адамдар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қорыққан әйел «102» пультіне қоңырау шалды. Ол кәмелетке толмаған ұлы 3 қарақшының құрбаны болғанын айтты.

«Балам маған қоңырау шалып, оған белгісіз үш адам жабылып, телефонын тартып алғанын айтты. Оның дауысы үрейлі еді, қорқып тұрғаны байқалды. Мен дереу мекенжайға полиция шақырып, өзім де шығып кеттім», - дейді әйел.

Полиция бірнеше минуттан кейін келді. Олар аумақты тексеріп, ұқсас сипаттамасы бар күдіктілерді ұстады.

«Мен келгенге дейін полиция қылмыскерлердің ұсталғанын хабарлады, олардың жанында менің баламның телефоны болған. Менің балам оларды бірден таныды. Осы адамдарды жедел ұстағаны үшін Медеу ауданының полиция қызметкерлеріне көп рахмет. Енді мен осындай полиция қызметкерлерінің арқасында баламның өмірі мен денсаулығы сенімді бола аламын. Сізге көп рахмет», - деді баланың анасы.

«Айғақ зат - телефон тұтқындалғандардың бірінен тәркіленді. Аталған факті бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Патрульдік полиция қызметкерлері өз міндеттерін сапалы түрде орындап, қылмыстың ізін суытпай ашты. Азаматтар мұны бағалап, ризашылығын білдіргені қуантады», - деп түйіндеді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.