Салауатты өмір салтын ұстанушылар арасындағы бұл шараны қалалық дене шынықтыру мәдениеті және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр. Ол шаһардағы Мәдениет жылы аясында 2017 жылғы ХХVIII Бүкіләлемдік қысқы универсиада ойындарын және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған. Онда спорт мектептерінің тәрбиеленушілері мен Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік-спорттық бағдарлама ұсынылады. Мерекелік шарада тұғырдан шаңғымен көрсетілімдік секіру мен арқан тартыс, тоғызқұмалақ, жамбы ату, асық, кір тасын көтеру, қол күрестіру сияқты ұлттық-халықтық ойындардан түрлі жарыстар және байқаулар мен викториналар болады. Сондай-ақ бұқаралық жүгіру өтеді. Оған ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті, қалалық және аудандық әкімдік қызметкерлері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, арнаулы және жоғары оқу орындары мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатысады.
10:20, 19 Мамыр 2012
Алматыда Олимпиада күні өтуде
АЛМАТЫ. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы «Сұнқар» Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде Олимпиада күні өтіп жатыр.