Алматы қаласының Көлік холдингі «Оңай!» терминалдарының жұмысының бұзылуы Kcell желісіндегі мәліметтерді жеткізу қызметіндегі қиындықтарға байланысты туындағандығын жеткізді.
«Осы себепке байланысты Алматының қоғамдық көліктеріндегі терминалдардың бір бөлігі 19 қаңтар күні сағат 16-00-ден кейін оффлайн режимінде жұмыс істеді. Карталарында қажетті балланс бар жолушылар еш қиналған жоқ. Ал, карталарын сағат 16-00-ден кейін толықтырған азаматтарды қиындықтар болды»,-делінген хабарламада.
Kcell мамандары 4 сағат бойына туындаған мәселенің мән-жайын анықтаумен айналысты. Сағат 20-00-де терминалдар әдеттегі режимді жұмыс істеді.
«Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС «Оңай!» картасымен көліктік төлем жасау қызметінің операторы.