Алаяқ әйел, алматылық кәсіпкерлерді тауарын өткізіп беремін деп алдап кеткен.
«Ол өзінің құрбандарын интернет- дүкендер арқылы тауып отырған. Ол әлеуметтік желі арқылы кәсіпкерлерге тауарларын тез арада өткізіп беремін деп сендірген. Саудагерлер әйелге ойланбастан жарты млн теңгенің тауарын ұстата салған. Арада біраз уақыт өтеді. Әйел айтқан уәдесінде тұрмайды. Сатылған заттардың ақшасын өз қалтасына басқан. Полицияға бұл азаматшаның үстінен 10-нан астам арыз келіп түсті»,- дейді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.