Ведомство абаттандыру қағидаларына сәйкес аумақта аула маңындағы қарды тазалау ПИК-ке жүктелгенін айтты. Алайда бұл бағыттағы жұмыстар өте мардымсыз. Осы жылдың 24-30 қаңтар аралығында абаттандыру қағидаларын сақтамағандығы үшін 21 ПИК-ке сомасы 183 348 мың теңгеге хаттама жасалды. Қаланың коммуналдық қызметтері, өз кезегінде, жолды қардан тазартып жатыр. Жұмысқа 678 бірлік арнайы техника, 100 жол жұмысшылары тартылған. Сонымен, 3 ақпанда сағат 09.00-де пайдаланылған құм-хлоридті қоспа мөлшері 2943 тоннаны, әкетілген қар - 12633 шаршы метрді құрады. Қыс басталғаннан бері барлығы 193000 тонна қар күресінге шығарылған.
20:14, 03 Ақпан 2014
Алматыда ондаған ПИК басшылары қар тазаламағаны үшін жазаға тартылды
АЛМАТЫ. ҚаАқпарат - Алматыда бірден ондаған ПИК басшылары уақытында қар тазаламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан.