Іс-шараға әр түрлі онкологиялық аурулармен ауыратын 90 бала қатысты. Аяз ата мен Ақшақар денсаулық жағдайына байланысты мерекеге қатыса алмайтын балаларға ауруханаға келеді. Барлығы 280-нен астам осындай балғындарды құттықтау жоспарлануда.
Мерекені «Салауатты Азия» онкологиялық ауруларды қолдау қоры және өз еркімен қол ұшын созған абзал азаматтар ұйымдастырды.