Алматыда онлайн-несие рәсімдеген алаяқтар 6 жылға сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда азаматтардың жеке деректерін пайдалана отырып, алаяқтық жолмен банкттен 35 млн теңгеден астам қаржы ұрламақ болғандар бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық прокуратурасының мәліметінше, «D....» сайтында алаяқтар ҚР азаматтарының электрондық сауалнамалық деректерін сатып алып, содан кейін олардың келісімінсіз және ескертусіз банк сайтында ұялы операторлардың SIM-карталарын пайдалана отырып, несиелер алуға өтінімдер рәсімдеген және интернет-банкинг арқылы ұрланған ақша қаражатын жалған тұлғалардың шоттарына аударып отырған.

«Қылмыс жасау үшін алаяқтар қажетті техника сатып алып, абоненттік нөмірлердің бір реттік сим-карталарын пайдалану арқылы банктің жеке кабинетіне тіркелген. Әрі қарай, банктік картаның деректері мен шоттарына ие бола отырып, олар әртүрлі сомаларға кедергісіз несие рәсімдеген»,- деп хабарлады ведомстводан.

Медеу аудандық соты кінәлілерді аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Қала прокуратурасы мегаполис тұрғындарын сақ болуға және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуді тағы да ескертеді.