Алматыда «Оркестрлер шеруі» үш күнге жалғасады
Айтулы мәдени шара 5 жыл ішінде жұртқа Алессандро Сафина, Вахтанг Торели, «КВАТРО» тобы, Империялық Орыс балеті, Сон Паскаль, «MEZZO» квартеті секілді және басқа белгілі әртістердің өнерін тамашалауға мүмкіндік берді.
Жыл сайын еліміздің үздік оркестрлерінің орындауындағы кеңес дәуірінің әндері, бала кезімізден таныс дала әуендері мен әлемдік хиттер 10 000-нан астам адамның басын біріктірмек.
«Оркестрлер Шеруін Александр Беляков жетекшілік ететін Алматы қаласы Әкімінің Эстрадалық-симфониялық оркестрі ашады. Бірінші күні сахнада кеңес дәуірінің баршаға сүйікті композициялары орындалады. Фестивальдің екінші күні Дінзухра Тілендиеваның жетекшілігімен Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар Сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің концерті өтеді. Бағдарламада Абай, Құрманғазы, Нұрғиса Тлендиевтің және басқа ұлы «дала алыптары» - қазақ халқының композиторларының атақты туындылары орындалады. Оркестрлер Шеруінің соңғы күні бүкіл әлемде тыңдармандардың жүрегін жаулап алған еуропалық хиттер шырқалады. Эдит Пиаф, Патрисия Каас, Лара Фабиан, Мирей Матьё, Beatles тобы мен басқа да танымал еуропалық орындаушылардың репертуарынан танымал әндер орындалады. Композицияларды Қазақстанның опера солистері мен Қанат Ахметов жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі орындайды», - деді Рашида Тылывалдиева.
Мәдени шара Абай алаңында тамыздың 25,26,27 күндері кешкі сағат 20:00-де өтеді.