Алматыда өрт салдарынан 82 жастағы қария қаза тапты

АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда өрт салдарынан 82 жастағы қарт қаза тапты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

«Кеше Алматы қаласының Жетісу ауданында жеке тұрғын үй ауласындағы уақытша баспана өртенді. Тілсіз жау 3 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт орнынан 82 жастағы қарияның мүрдесі табылды», - делінген ведомство ақпаратында.

Тілсіз жау ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдалар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 4 маман және  1 техника күшімен сөндірілді