Биыл Алматы гарнизонының 26 жас қызметкері ант қабылдады. Салтанатты рәсімді Алматы қаласының ТЖД бастығы Руслан Қасыбаев ашты.
Өрт сөндіру қызметінің ардагері Якупов Ильяс Хисмятович құттықтау сөзін азаматтық қорғау қатарына қосылған жас қызметкерлерге арнады.
Бір минут үнсіздік жариялап, қаза болғандарды еске алды. Іс-шараға өртке қарсы қызмет ардагерлері, қаза болған өрт сөндірушілердің балалары мен туыстары қатысты.
1989 жылы 20 мамырда Алматыда қайғылы оқиға орын алды, «Алматы-2» бекетінің кірме жолдарында екі маневрлік тепловоз соғысқан. Газы бар 6 цистернаның біреуі соғылды, нәтижесінде өрт туындап, жалындаған от екінші цистернаны жандырып жіберді, газ қатты жарылды. Үш жүз метрге дейін көтерілген жалын жақын маңайда тұрғандардың бәрін басып қалды.
Өрт сөндірушілердің ерлігі мен жанқиярлығының арқасында, орны толмас шығынға қарамастан, қалған газы бар төрт цистернаны қауіпсіз жерге жылжытып, тағы да жарылудың алдын алды, жақын маңайда орналасқан үйлер мен құрылыстарды өрттен сақтап қалды. Көптеген қала тұрғындарының да өмірін құтқарды. Өрт сөндірушілердің жанқиярлығы, олардың төзімділігі, ерлігі мен кәсіби біліктілігі жалынды жеңіп шықты.
Бұл жеңіс оңайлықпен келмеді – тілсіз жаудан біздің 9 әріптестеріміз өрттен алған күйіктердің нәтижесінде қайтыс болды, олар өздерінің кәсіби міндеттерін мүлтіксіз орындады.
Күрделі өртті сөндіру кезінде көрсеткен ерлігі, батырлығы мен жанқиярлығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен қайтыс болғаннан кейін – Қызыл Жұлдыз Орденімен наградталды, олар: И.Ф.Сафарғалиев, Р.С.Қасымов, С.К.Әлімтаев, И.А.Абдранов, Ф.А.Шарипов, К.Аққұлов, Е.К.Ысқақов, В.В.Никуленко, М.И.Маликов.
Олардың көрсеткен ерлігі Алматы гарнизонының барлық өрт сөндіруші-құтқарушылары үшін өз ісіне деген мәңгілік қызмет етудің үлгісі болып қалады.