деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көрменің ұйымдастырушысы «Our Heritage» қоғамдық қоры мен «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы. Көрмеге Орталық Азияның 6 елінен 300-ге жуық қолөнер шеберлері қатысуда. Көрме барысында қолдан жасалған ағаш, тоқыма, темір бұйымдарын, киім, үй жабдықтары, кәдесыйлық заттар, түрлі зергерлік бұйымдарды, музыкалық аспаптарды, мәселен өзбектің дойрасы мен қазақтың домбырасын көруге, сатып алуға болады. Көрме-жәрмеңке заттарының бағасы да арзан. «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығының директоры Бақыт Әбдікәрімнің айтуынша, көрме жылына 3 рет наурыз, мамыр айларындағы мерекелерге, жаңа жылға орай ұйымдастырылады. «Негізгі мақсат қолөнершілерді қолдау, тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау» дейді Б.Әбдікәрім.
Көрме аясында белгілі шебер Зейнелхан Мұхамеджанның «Біз кесте» атты қазақтардың ұлттық кесті тігу өнері бойынша шеберлік сыныбы өткізілуде.