«Бақыт» сәндік қолданбалы өнер орталығы ұйымдастырған бұл шара балаларды қорғау күніне арналып отыр. Оған Қазақстанның әр аймағынан келген халық шеберлері мен Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей елдерінің 150-ден астам қолөнершілері қатысуда. Олар қала тұрғындары мен қонақтарының назарына кәдесыйлар, зергерлік, тоқыма, былғары бұйымдары, сазды аспаптар, кілемдер және бойтұмарлар ұсынуда. Екі күнге созылатын көрме-жәрмеңке кезінде балалар үйі мен интернат тәрбиеленушілері үшін «Әлем балалары сурет салады» көрме-байқауы болады. Сондай-ақ Қазақстанның суретші-шеберлері Калимхан Рахметбайқызы мен Күлән Жанғұтты «біз кесте» және «киіз басу» өнерінен шеберлік дәрістерін өткізеді. Ал Жапония мәдениет орталығының мамандары оригами және икебана өнерінің сырын ашпақ.
23:12, 01 Маусым 2013
Алматыда Орталық Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 1 маусым. ҚазАқпарат - Алматыдағы ҚР Орталық мемлекеттік музейінде «Жібек жолы» Үлкен Орталық Азия елдері қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр.