Орталық мұражай мен «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығының ұйымдастыруымен өтетін көрме-жәрмеңкеге өз елімізбен қатар, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ресей елінің майталман қолөнер шеберлері қатысады.
Жәрмеңкеге олардың өз қолдарынан шыққан төл туындылары - әйелдер мен ерлер әшекейлері, қару-жарақ, қыш ыдыстар, тері, киіз, ағаш, жібектен жасалған бұйымдар, түрлі діни салттарға арналған көркем бұйымдар көпшілік назарына ұсынылатын болады.
Аталмыш шара аясында «құрақ құрау» шеберлік-сыныбы көрсетілетін болады. Оны Қазақстанның атақты қолөнер шебері Күлән Жанғұтты мен Өзбекстанның қолөнер шебері Райхан Құрымбетова өткізеді.