Алматыда Орталық-Азия SAP 2009 саммиті өтті

АЛМАТЫ. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда Орталық-Азия SAP 2009 саммиті өтті, оған Қазақстан және ТМД елдерінен 500-ге жуық ірі компаниялар басшылары қатысты,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

SAP компаниясы бизнесті басқару бағдарламаларын жабдықтауда әлем бойынша жетекші орын алады. Аталмыш компанияның 120-дан астам  елде 89 мыңдай тұтынушылары бар.

Жыл сайын өтетін саммит бұл жолы «Жаңа әлемге айқын жақындылық» тақырыбын арқау етті. Шара барысында Қазақстан экономикасы өсу қарқынының бәсеңсуі және ДСО-ға тезірек кіру үшін   айқын бизнесті жүргізуде инвесторларға жасалатын қатаң талаптар мен қазіргі экономиканың өзгермелі жай-күйі қамтылды. Сондай-ақ  SAP компаниясы сарапшылары  мен олардың тұтынушылары тәжірибелік тұжырымдармен және экономикалық жетістіктерінің нәтижесімен бөлісті.

Жиын барысында қазақстандық бизнес-ұйымдарға 1-ші қазан күні жұмысына кіріскен SAP-тың ТМД бойынша бас директоры Владислав Мартынов таныстырылды.  

Саммитке әртүрлі  саладағы эконмикалық жетістікке жеткен SAP-тың тұтынушылары қатысты. Атап айтсақ «Казахтелеком», ПетроҚазақстан компаниясы,  «ГЕЛИОС» ЖШС-і, «ҚазМұнайГаз», КФК «Медсервис Плюс»,  «Химфарм» АҚ-ы, «Эйр Астана», АҚ-ы «Альянс Банк», Қазақстан халық банкі, сонымен қатар  «Национальные Кабельные Сети» ААҚ-ы (Ресей), Украина Ұлттық банкі, (Украина) «Метинвест Холдинг» (Украина)  және т.б.