Кеңестің тең төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтановтың айтуынша, бұл ҚРСК-тің 3-отырысы. Оның алғашқысы желтоқсанда Алматыда, ал екіншісі ақпанда Мәскеуде өткен болатын.
"Орталық Азия тақырыбы қазір зор қызығушылық тудырып отыр. Оған аймақтық геосаяси және геострагиялық орналасуы бір жағынан, ал әлемнің өзге тарапындағы ахуал екінші жағынан ықпал етуде. Жапония АЭС-дағы апаттан кейін мұнай, газ және көмірге деген сұраныс күрт өсті. Орталық Азия Еуропа мен Азияның арасындағы көлік дәлізі болып отыр. Сондай-ақ есірткі дәлізі де осы өңірде", - дейді Болат Қылышбайұлы. Саясаттанушы ғалымның пайымдауынша, Орталық Азиядағы ең негізгі мәселелердің бірі радикалды ислам ұйымдары белсендігінің артуы болып отыр. Бұған аймақтағы Қазақстаннан өзге елдердегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлауы түрткі болуда.