Алматыда «Орталық Азиядағы жеңіл және атыс қаруының заңсыз айналымымен күрес» тақырыбында семинар өтеді

None
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қыркүйектің 16-17-сі күндері Алматыда «Орталық Азиядағы жеңіл және атыс қаруының заңсыз айналымымен күрес» тақырыбында семинар өтеді. Шараны ҚР Қорғаныс министрлігі ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси өлшемі міндеттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығымен бірлесіп өткізгелі отыр.

Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов айтты.

Оның айтуынша, семинар барысында жеңіл және атыс қаруын импорттау, экспорттау, делдалдық қызмет, таңбалау және бақылаудың халықаралық стандарттары мәселелері қарастырылады. Аталмыш басқосуға Орталық Азия мемлекеттерінің, ЕҚЫҰ-ның қақтығыстарды болдырмау орталығының, БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі басқармасының, Женеваның жеңіл және атыс қаруы мәселелерін ғылыми зертеу институтының, жеңіл және атыс қаруын бақылау саласындағы белсенділік танытып жүрген басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері шақырылған. Семинар жұмысына Қазақстанның Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Кедендік бақылау комитетінің өкілдері қатысады.