Екі күндік бұл шараны Азия-Тынық мұхит аймағындағы туризм индустриясының шешімдер мен қызметтерінің басты жабдықтаушысы саналатын Abacus International компаниясы ұйымдастырып отыр. Конференциямен қатар Abacus корпоративті саяхаттар көремесі де өтуде.
Конференцияда Сингапурдағы Abacus International мен Гонконгтегі Іскерлік сапарларды корпоративтік басқарушылар қауымдастығынан (АСТЕ) келген спикерлер, сондай-ақ жергілікті және халықаралық әуе желілерінің, мейманханалардың топ-менеджерлері корпорациялар үшін туристтік қызметтер сапасын көтеру, іс-сапарлардың шығындарын оңтайландырудың технологиясы, компаниялардың бизнес сапарлар саясатын әзірлеу және енгізудің озық халықаралық тәжірибелерімен таныстыруда. Мәселен Іскерлік сапарларды корпоративтік басқарушылар қауымдастығының Аймақтық директоры Бенсон Тангтың айтуынша, бизнес сапарлар саясаты компанияға жылына 20 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.