Жаңа ғимаратта 200 орынды конференц зал, компьютер залдары, ғылыми- анықтама кітапханасы, келушілерге арналған жұмыс істеу орындары бар. Құнды құжаттар сақталатын жаңа мұрағат ғимаратында әкімшілік кеңселер, аудандық мұрағаттардың жұмысына бақылау мен басшылық жасайтын Алматы қаласының Мұрағат басқармасы да орналасатын болады. Мұнда сондай-ақ құнды құжаттармен қатар, аудио және фотоқұжаттар сақталатын болады.
Жаңа ғимаратты аралап көрген қала әкімі Ахметжан Есімов мұндай нысанның республикада жоқ екендігін атап өтіп, «бұрындары мұрағат қызметкерлерінің дәл қазіргідей заман талабына сай ғимараты болған емес. Бұл нысанды толық қуатында пайдалану өте маңызды. Құнды құжаттарды электронды нұсқаға көшіру жұмыстарын мықтап қолға алған жөн. Сонымен қатар, коммерциялық негізде өзге де мекемелер мен ведомостволардың құжаттарын сақтауды ойластырған абзал», - деді.