Алматыда өртенген асханадан 6 газ баллоны шығарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда асхана өртенді. Қызыл жалынға оранған ғимараттан 6 газ баллоны сыртқа шығарылды. Бұл туралы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

«Бүгін таңертең сағат 10-00-де Алатау ауданы, Солтүстік айналма жолы 92/7 мекенжайында орналасқан асханадан өрт шыққаны туралы хабарлама келді. 4 минутта оқиға орнынан жеткен өрт сөндірушілер мәлімдегендей, асхана жапсарлас контейнерлерде орналасқан екен. Өрт сөндіру барысында 6 газ баллоны сыртқа шығарылды. Тілсіз жау 11:01-де толық өшірілді. Қызыл жалын 80 шаршы метр аймақты шарпыған», - деді С.Баймұхамбетова.

Жапа шеккендер жоқ.