Алматыда өртенген тұрғын үйден 30 адам эвакуацияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында өрт шыққан үйден 30 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмалы ауданындағы Нұрғиса Тілендиев  көшесінің бойындағы 5 қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерде шыққан. Құтқарушылар 30 тұрғынды қауіпсіз жерге шығарды. Құтқарушылардың мәліметінше, өрт салдарынан ешкім зардап шекпеді.

Қазіргі таңда, өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Жалын басқа пәтерлерге өтпей тұрып толығымен сөндірілді. Алайда өрт шыққан 1 бөлмелі пәтер толығымен жанып кетті.

Автор: Жолдас Өрісбаев