Алматыда өртенген үйден тағы бір адамның мүрдесі табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Алматыда жеке тұрғын үйде болған өрт орнынан тағы бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өртті сөндіру барысында тағы бір ер адамның мүрдесі табылды. Оның жеке тұлғасы анықталуда», - деді ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймухамбетова.

Еске салайық, бұған дейін Алматының Наурызбай ауданындағы жер үйден өрт шығып, ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.