Оқыс оқиға Ақсай шағын ауданында болды.
«Өрт сөндірушілер келгенде ангарлық типтегі техникалық қызмет көрсету стансасы жанып жатты. Металл ангардан әрқайсысы 25 литрлік 2 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Сол жерде ТҚС ішінде жанармай сұйықтығы бар екені туралы ақпарат берілді. 13:21-де жарылыс болды. Өрт сөндірушілер жапа шеккен жоқ», - деді ТЖД.
Оқиға орнында 60 адам, 12 техника жұмыс істеп жатыр.