Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдарының консультативтік кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлайды.
Іс-шараға Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері директорларының орынбасарлары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорлары кеңесінің, ҮЕҰ кеңесінің мүшелері қатысады.