АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін ересектер арасында бокстан әлем чемпионатына билеттер онлайн режімде сатыла бастады. Аталған байрақты бәсеке 14-26 қазан аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді, деп хабарлады ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.
Билеттер арнайы дайындалған Қазақстан бокс федерациясының сайтында (tickets.kfb.kz) сатылуда. Төлемді банк картасы арқылы жасауға болады.
Ал билеттерді касса арқылы сату 16 қыркүйектен бастап Алматының сауда орталықтарында және жарыс өтетін Спорт сарайында жүргізіледі.
Айта кетейік, чемпионатқа әлемнің 118 елі қатысатындығын қуаттады. Демек, Алматы шаршы алаңында әлемнің 580 спортшысы жұдырық түйістіретін болады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.