Алматыда өтетін ережесіз жекпе-жек кешінің билеттері сатылымға шықты
Билеттердің құны 2 000 теңгеден 5 000 теңгеге аралығында сатылады. Билеттерді әзірге Kassir сайтынан онлайн сатып алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, 9 қыркүйек күні Арман Оспанов АСВ-69 турнирі аясында бразилиялық Тьяго Луис Бонифасио Силвамен (12-5-0) күш сынасады. Жарыс сағат 18:00-де басталады.
Бұл күні АСВ-69 турнирінде Арман Оспановтан бөлек тағы 7 қазақстандық жекпе-жек спортының шебері сынға түседі. Олар - Асылжан Бақытжанұлы, Асу Алмабаев, Қаршыға Дәуітбек, Евгений Егембердиев, Бақытжан Несіпбек. Ал жалпы 12 жұп өнер көрсетеді.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық спорт жанкүйерлері 9 қыркүйекті асыға күтіп жүр. Бұл күні Астана тұрғындары мен қонақтары Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Куктің жекпе-жегін тамашалайтын болады. Сондай-ақ Қанат Исламнан бөлек 8 боксшымыз шаршы алаңға шығады. Олар - Жанқош Тұраров (21-0, 15КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0, 2КО), Руслан Мырсатаев (3-0, 3КО), Әли Ахмедов (7-0, 5КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5КО) және Нұрсұлтан Жаңабаев.