«Өткен аптада 14 жасқа дейінгі балалардың ішек ауруын жұқтырғаны туралы 27 дерек, сальмонелла дертін жұқтырғаны туралы 6 дерек тіркелді. Бұл жағдайлардың 87,5 пайызында науқастар үйде жасалып және үйде сақталған тағамдарды жеген. Сондай-ақ, ересектер арасында А гепатитін жұқтырғаны туралы 2 жағдай тіркелді», - делінген хабарламада. Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өткен аптада 50 нысан тексерілген болатын. Тексеру нәтижесінде 10 нысанның санитарлық нормадан ауытқығандығы анықталды, 1007488 теңге көлемінде 74 айыппұл салынып, 8 ескерту жасалды. Тексеру нәтижесінде 4 лауазымды тұлға жұмыстан босатылды. Алатау және Бостандық аудандары бойынша санитарлық ережелерді сақтамаған 3 нысанның қызметін тоқтату туралы іс сотқа жіберілді.
14:53, 17 Наурыз 2014
Алматыда өткен аптада 27 бала ішек инфекциясын жұқтырған
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда өткен аптада 27 бала ішек инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің баспасөз қызметінен мәлімдеді.