Бұл туралы Алматы қаласының мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы хабарлады.
Жүргізілген іс шара аясында Әуезов, Алмалы, Түрксіб аудандарында анықталған 4 дүңгіршек бауырсақ, көкөніс сатумен заңсыз айналысқан.
Жойылған 13 жабайы сауда орындардың 9-ы Әуезов ауданындағы №11 мөлтек ауданында, ал 4-еуі Түрксіб ауданынының Жансүгіров пен Бекмаханов көшесінің бойында анықталған. Сауда орындардың көпшілігі кәуап және қуырлған тауықты сатумен айналысқан.
Жабайы саудамен айналысатындарға қарсы күрес әлі де жалғасатын болады.