Бейнероликтегі ақпарат күн сайын жаңартылып отырады. Ол 25 минут сайын көрсетіледі. Оларды қаланың негізгі көшелерінде орналасқан 52 медиа-тақтадан көруге болады.
«Айта кету керек, бұл жай ғана сандар жазылған бейнеролик емес. Егер мұқият қарасаңыз, онда алдымен отырғызылған ағаштың видеосы пайда болады және күн сайын олардың саны өсіп отырады», - деп атап өтті басқармадан.
Айта кетейік, Алматының жасыл экономика басқармасы жыл соңына дейін 250 мың түп көшет егуді жоспарлап отыр. Жалпы бүгінгі күні мегополисте 164 500 ағаш егілді.