Алматыда ойын терминалдарын жою жұмыстары жалғасуда

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 4 қылмыстық іс бойынша шығарылған соттың үкіміне сәйкес, 41 ойын терминалы жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын терминалдарын Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерісот орындаушыларымен бірлесіп жойды. Бұл ойын автоматтары Алматы қаласыныңаумағында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында тәркіленді.

«ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңына сәйкес, казино мен ойын автоматтарынаарналған залдар арнайы ойын аймақтарында орналасуы керек. Қазақстанның басқааумақтарында казино мен ойын автоматтары залын орналастыруға тыйым салынады.Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабыбойынша жауапқа тартылады», - деп хабарлады Экономикалық тергеудепартаментінде.


Еламан Тұрысбеков

Соңғы жаңалықтар