Алматыда өз автобусының валидаторындағы ақшаны ұрлаған көлік жүргізушісі ұсталды

АЛМАТЫ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда   қоғамдық көлік жүргізушілерінің бірі өз автобусындағы валидаторды бұзып,  ішінен 30 мың теңге ақшаны ұрлаған.

"Мұндай арызбен полиция бөлімшесіне қылмыс орын алған автобусқа қарасты  ЖШС-нің контролері шағымданды. «Боран-165» патрульдік экипажы бірден сол автобустың жүргізушісін ұстады. Ол бірінші жауап алуда өз кінәсін мойындады. Қазір бұл азаматтың осындай қылмысқа қаншалықты барғандығы анықталуда",-деді Түрксіб ауданының ІІД-нің бастығы, полковник Нұрлан Мошкалов.

Оның айтуынша, бұл іске байланысты жүргізушінің үстінен ҚР Қылмыстық Кодекстің 175 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.