Алматыда өз қызын зорлаған әкеге қатысты сот үкімі шықты
00:16, 28 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық сот отырысында ҚР ҚК-нің 120-бабының 3-бөлімінің 5-тармағымен айыпталған азамат Б-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.
Сот үкіміне сәйкес, азамат Б. демалыс күні алкогольдік ішімдікті сатып алып үйіне келіп ішкен. Кейін үйдің сыртқы есігін ішінен құлыптап алып, үйдегі өзінің кәмелет жасқа толмаған қызы С.-ның дәрменсіз күйін пайдаланып, күш қолданып зорлаған.
Сот үкімімен Б. ҚР ҚК-нің 120-бабы 3-бөлімі 5-тармағымен кінәлі деп танылып, оны аталған баппен білім беру және тәрбиелеу қызметімен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалады, сондай-ақ жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуі белгіленді.