бес ай бойы дүкеннен халық тұтынатын тауарларды ұрлап келген. Олардың ісі Сауда үйі жүргізген ішкі тексерісте әшкереленді, деп хабарлайды Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі.
«Қазіргі таңда келтірілген залалдың нақты сомасы анықталуда. Олар бұзылмайтын азық-түлік түрлерін ұрлап отырған. Жауап алу барысында төртеуі де өз кінәларын мойындады және күдік тудырмас үшін азық-түлік тауарларын аз мөлшерде ғана жымқырып келгендіктерін айтты. Бұл топтың ең үлкені - 30-жаста, ал кішісі 21 жаста. Олардың барлығы еліміздің әр аумағынан келгендер. Күдіктілердің төртеуі де бұл дүкенде жұмыс істегендеріне бір жыл да уақыт болмаған. Қазір Ішкі істер басқармасы бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жалғасуда»,- деді Медеу аудандық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Бақыт Қасабеков.