«Жолаушылар тасымалындағы қауіпсіздік мәселелеріне айрықша мән беру керек. Осы салада қауіпсіздік техникасының талаптарын өрескел бұзу оқиғаларына жол беріліп, оның салдары қайғылы жағдайларға алып келуде. Өткен жылы Астанада бағдарлы автобусты мас күйінде басқарған жүргізуші ұсталды және еліміздің аумағында осындай оқиғалар орын алуда»,- деді Бас прокурор.
Оның айтуынша, Алматыда Өзбекстан азаматы бес ай бойы рейстегі автобусты жүргізушілік куәлігінсіз басқарып келген.
Сонымен қатар А.Дауылбаев тиісті рұқсат құжатарынсыз жолаушылар тасымалдайтындарға жеке тоқталды. Тек Астананың автовокзалында тиісті рұқсат құжаттарынсыз 28 тасымалдаушы анықталды. Осындай фактілер еліміздің барлық облыстарында байқалуда.
«Сәйкесінше, осындай тасымалдаулардың нәтижесінде жолаушылардың қауіпсіздігі сақталмайды», - деп атап өтті А.Дауылбаев.