Алматыда өздігінен қозғалып кеткен автобус қоршауға соғылды
16:44, 14 Маусым 2018
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүргізушісі қол тежегішін тартуды ұмытып кеткен автобус абайсызда жүріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қоғамдық көлік өздігінен қозғала келе Горный гигант шағын ауданындағы Жамақаев көшесіндегі №202 үйдің қоршауын қиратып тоқтаған.
Жүргізушісі көліктің қол тежегішін тартуды ұмытып кеткенін мойындады. Абырой болғанда, көшеде жүргіншілер болмаған. Сол себепті ешкім зардап шекпеді.