Алматыда өзен арналары тазартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында «Көктем-2022 республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Негізгі жаттығу жұмыстары Алатау ауданында «Қарғалы» өзенінің жағасында жүргізілді. Өзен арнасының түбі тереңдетіліп, қатты-тұрмыстық қалдықтар шыарылды.

Бұл су ағынын жылдам өткізуіне мүмкіндік беріп, аудандағы 57 жеке тұрғын үйді су басу қаупінен қорғайды.
Оқу-жаттығу қаланың қалған 7 ауданында да өткізілді. Оның аясында өзен арналары мен арық жүйелері қатты-тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.
Барлығы 42 шақырым өзен арналары тазартылып, 520 текше метрден астам қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
«Оқу-жаттығуға жалпы саны 337 адам ҚР ҰҰ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы, қаланың азаматтық қорғау қызметтері, волонтерлік ұйымдары мен ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелері және 67 арнайы және инженерлік техника жұмылдырылды», - делінген ТЖД хабарламасында.