Алматыда өзендегі су деңгейі көтерілуі ықтимал
02:30, 25 Сәуір 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда ауа райының құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жаңбыр жауады деген болжамға байланысты 25-26 сәуір күндері Алматы маңындағы аумақта су жиналып, өзендердегі су деңгейі көтерілуі ықтимал» делінген хабарламада.