Алматыда өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, шетелдіктерді алдаған алаяқ ұсталды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда шетелдіктерді алдап жүрген ер адам ұсталды. Ол өзін ішкі істер органдарының қызметкерімін деп таныстырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Наурызбай ауданының полиция бөлімінің мәліметінше, 1985 жылы туған И. өзінқұқық қорғау органдарының қызметкерімін деп таныстырған.

«Ер өзін адам құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардыңсеніміне кіру арқылы алдаған. Атап айтқанда, адамдары көші-қон саласындағымәселелерді шешуге, Қазақстанда тұруға рұқсат алып беруге көмектесетініне сендірген. Әр қызметі үшіналаяқ шетелдіктерден 250 мың теңге көлемінде ақша алып келген. Ол уәделерісенімді болу үшін жәбірленушілермен кездесуге барғанда, тәртіп сақшысыныңформасын киіп алған. Қазір уақытта И. ұсталды. Тергеу барысында оның құқық қорғауоргандарымен ешқандай байланысы жоқ екендігі анықталды. Ұсталған азаматтыңзаңсыз әрекеттерінен бірнеше адам, соның ішінде шетелдіктер зардап шеккен. Осыған байланысты тергеу бөліміоның суретін жариялады. Егер таныпжатсаңыздар мына телефондарға хабарласуқажет: 254-44-61 және 254-44-62; 254-44-64», - Наурызбай ауданы полициябасқармасы бастығының орынбасары ЗухрабМырзағали.

Бүгінде ҚРҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктіуақытша ұстау изоляторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар