Алматыда парамен ұсталған екі судья бостандықта жүр

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов пара алды деген күдікпен ұсталған алматылық судьялар жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот этикасынақайшы келетін нәрселер бар. Әуезов ауданының №2 аудандық сотының судьясы өзініңтанысына заң жағынан көмек көрсеткен. Яғни, ол процедуралық емес байланыс жасаған. Біз заңбұзушылықтардың бар-жоғын тексеру үшін бұлмәселені сот этикасы жөніндегі комиссияға жолдадық. Комиссия судьяныңіс-әрекеттерінде заңсыздық фактісі бар екенін растады. Содан кейін біз сотэтикасы жөніндегі комиссияның қорытындылары бойынша сот алқасына жүгіндік,жұмыстан босату туралы мәселе көтердік. Бізді сот алқасы да қолдады. Қазіргіуақытта президенттің жарлығы шықты және ол қызметінен босатылды», - деді Алматықалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов.

Сонымен қатар, олШтейнкенің қылмыстық жауаптылығы туралы істің қаралып жатқанын айтты.

«Штейнкегеқатысты ақпаратты жаңа алдым. Оның қылмысы әлі толығымен дәлелденген жоқ. Солсебепті ақталғанын хабарлады. Сот комиссиясы оның сот этикасы нормаларын бұзғанынрастады», - деді Нұрғазы Әбдіқанов.

Естеріңізге салсақ,2019 жылы 2 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы жәнеЖоғарғы сот ішкі қауіпсіздік бөлімі мамандарының өзара бірлесіп жүргізген шарасыбарысында Андрей Штейнкті 10 000 АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан жерінен ұстағанболатын.

Сондай-ақ,Нұрғазы Әбдіқанов медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Гүлмира Әбілқайыр туралы айтып берді.

«Алматықаласы, медеу аудандық сотының судьясы Гүлмира Әбілқайыр жоғары судья атағынанұқсаң келтірді. Ол ұсталды. Бірақ, дәл сол кезеңде ол еңбек демалысындаболған. Оған санкция қолданылған жоқ, қазір бостандықта, алайда тергеу жүріпжатыр. Қазір ол судья қызметінен шеттетілді. Іс материалдары Жоғарғы Сотжанындағы Сот алқасына жіберілді. Судьяның кінәлі немесе кінәсіздігі сот барысында анықталады», - деді НұрғазыӘбдіқанов.

Осыған дейін, ҚРСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойыншадепартаменті ҚР Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Алматықаласы судьясының пара алу фактісін анықтаған. Судья делдал — Алматы қаласыаудандық сот отырысының хатшысы арқылы өз өндірісіндегі азаматтық іс бойыншамәселенің оң шешілуі үшін 3 000 АҚШ доллары сомасында пара алғаны үшін күдіккеілінген.

Сондай-ақ, соңғыалты айда алматылық төрт судья жұмыстанбосатылды.

Соңғы жаңалықтар