Алматыда парамен ұсталған түрме басшысы қамауға алынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сот парамен ұсталған түрме басшысына қатысты бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты тергеу басқармасының өтінішін қабыл алып, күдікті Руслан Жүнісовты 2 айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялады. Қамау мерзімі 28 қыркүйектен бастап есептеледі», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, кеше Алматы ІІД Өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметкерлері  ҰҚКД қатысуымен жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде  пара алған ҚАЖД басшысын ұстаған болатын.

Күдікті заңсыз кездесу ұйымдастырып, тергеуге алынған тұтқынға жайлы жағдай жасап бергені үшін сыйақы ретінде ақша алған.

 Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 366-бабының 2-бөліміне сәйкес лауазымды тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып кетті.