«Өткен аптада бізде парктер, скверлер жабық болатын. Осы аптада парк, сквер, Медеу, Шымбұлақ, Арбаттағы Панфилов көшесіндегі жаяу жүргін алаңдар ашық болады. Адамдар таза ауада серуендегені дұрыс», - деді онлайн брифинг барысында Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.
Айта кету керек, әкімдік бүгін вирус таралу қаупі жоғары саналатын нысандарды демалыс күндері жабу туралы шешім қабылдады.
Оған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі осындай қаулы қабылдаған болатын.