Қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті үш жігіт Алматы облысы Жамбыл ауданының тумасы болып шықты.
Олардың екеуі бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін істі болған екен.
"Негізінен олар бірінші үйді тонаған. Тоналған пәтердің ішінен автокөліктің кілтін де ұрлап кетіп отырған. Сосын пәтер қожайындарын аңдып жүріп, ұрымтал сәтте көліктерін де мініп кетіп жүрген. Сонымен қатар, олар бағалы заттар мен цифрлық техникаларды да қолды еткен», - деді қалалық ІІД баспасөз қызметінен.
Қазір күдіктілер қамауға алынды. Полиция олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.