Алматыда пәтер тонаумен айналысқан 2 ұры ұсталды

ТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Алматыда пәтер тонаумен айналысқан 2 ұры қолға түсті. ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораздың айтуынша,

«Алматының криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде пәтер ұрлығымен айналысып жүрген екі адамнан тұратын топты қолға түсірген.

Ұсталғандардың екеуі де бұған дейін ұрлық жасағандары үшін сотталған болып шықты. Оның бірі - Алматының 44 жастағы тұрғыны болса, екіншісі ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін Свердлов облысының полициясы үстіміздегі жылдың қаңтар айында іздеу жариялаған Ресейдің 40 жастағы азаматы. «Күдіктілердің Алматыда жасалған 5 пәтер ұрлығына қатысты екені дәлелденді. Келтірілген залал 1,5 миллион теңгені құрап отыр. Күдіктілер пәтерлерге кілттерді іріктеу арқылы кіріп, бағалы заттар мен ақшаларды ұрлап отырған. Ұсталған адамдар уақытша оқшаулау орнына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Н.Ораз.